Бүгін Еуропа Лигасының жеребесі тартылады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Бүгін Еуропа Лигасының жеребесі тартылады

Бүгін Монакода Еуропа лигасының топтық кезеңінің жеребесі тартылады. Еліміздің намысын қорғайтын қарағандылық «Шахтердың» қарсыластарын білетін боламыз.

БӨЛІСУ

Еуропа Лигасының топтық кезеңіне жолдама алған 48 команда 4 себетке бөлінген. Виктор Кумыков жаттықтыратын «кеншілер» ұжымы 4-ші себетте орналасқан.

1-ші себеттегі командалар:  "Валенсия" (Испания), "Лион" (Франция), "Тоттенхэм" (Англия), "Динамо" (Украина), "ПСВ" (Нидерланды), "Бордо" (Франция), "Рубин" (Ресей), "Севилья" (Испания), "Стандард" (Бельгия), "Фиорентина" (Италия), "Лацио" (Италия) және "АЗ" (Нидерланды)/"Атромитос" (Грекия);

2-ші себеттегі командалар: "Бешикташ"(Түркия), "ПАОК" (Грекия), "Зальцбург" (Швейцария), "Генк" (Бельгия), "Динамо" Загреб (Хорватия), "Днепр" (Украина), "Трабзонспор" (Түркия), "Анжи" (Ресей), "Бетис" (Испания), "Уиган", "Суонси" (екеуі де - Англия), "Фрайбург" (Германия) 

3-ші себеттегі командалар: "Айнтрахт" (Германия), "Гимараэш" (Португалия), "Легия" (Польша), "Маккаби" Хайфа (Израиль), "Рапид" (Австрия), "Пасуш де Феррейра" (Португалия), "Эшторил" (Португалия), "Шериф" (Молдова), "Черноморец" (Украина), "Марибор" (Словения), "Кубань" (Ресей), "Эльфсборг" (Швеция);

4-ші себеттегі командалар: "Маккаби" Тель-Авив(Израиль), "Слован" Либерец (Чехия), "Тун" (Швейцария), "Зульте-Варегем" (Бельгия), "Аполлон" (Кипр), "Санкт-Галлен" (Швейцария), "Эсбьерг" (Дания), "Риека" (Хорватия), "Пандурий" (Румыния), "Лудогорец" (Болгария), "Шахтер" Қарағанды (Қазақстан) және бір команда УЕФА шешімімен жеребе сәтінде анықталады.

Еуропа Лигасының жеребесі Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:footballtop.ru