Бүгін түнде Чемпиондар лигасы ширек финалындағы қарымта ойындар өтеді. Ойындар нәтижесі бойынша жартылай финалға шыққан екі команда белгілі болады.
"Барселона" өз алаңында Париждің ПСЖ клубымен кездеседі. Бірінші ойында каталондық клуб 3:2 есебімен жеңіске жеткен болатын. Қарымта кездесуді Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Түнгі сағат 00:00-де басталады.
Ширек финалдағы екінші ойында "Боруссия Д" командасы Мадридтің "Атлетико" клубымен ойнайды. Бірінші ойында испандық команда 2:1 есебімен жеңіске жеткен. Бұл ойынды Qazaqstan арнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!