Бүгін футболдан Еуропаның басты бәсекесі саналатын Чемпиондар лигасының 4-тур ойындары басталады, - деп хабарлайды msports.kz сайты.
4-турдың бірінші күні 9 ойын өтеді. Жанкүйерлер асыға күтетін ойындар "Ливерпуль" (Англия) - "Байер" (Германия), "Реал" (Испания) - "Милан" (Италия) және "Спортинг" (Португалия) - "Манчестер Сити" (Англия) клубтары арасында өтеді.
Ойындар кестесі:
22:45. ПСВ (Нидерланд) - "Жирона" (Испания);
22:45. "Слован" (Словакия) - "Динамо" Загреб (Хорватия);
01:00. "Болонья" (Италия) - "Монако" (Франция);
01:00. "Селтик" (Шотландия) - "РБ Лейпциг" (Германия);
01:00. "Боруссия" Дортмунд (Германия) - "Штурм" (Аустрия);
01:00. "Лилль" (Франция) - "Ювентус" (Италия);
01:00. "Ливерпуль" (Англия) - "Байер" (Германия);
01:00. "Реал" (Испания) - "Милан" (Италия);
01:00. "Спортинг" (Португалия) - "Манчестер Сити" (Англия).
8 турдан кейін 36 команда ішінен үздіктер іріктелетін болады. 8 команда (1-8 орындар) бірден плей-оффқа жолдама алады. 9-24 орында қалған командалар өзара өтпелі матч өткізіп, бір жолдамаға таласады.