Брэдли Уиггинс - маусымның үздік шабандозы

ЮРИЙ НИКУЛЛИН Корреспондент
ЮРИЙ НИКУЛЛИН>
Брэдли Уиггинс - маусымның үздік шабандозы

Британдық Sky командасының спортшысы Брэдли Уиггинс маусымның үздік шабандозына берілетін Velo d'Or атағын жеңіп алды. Бұл туралы Cyclingnews спорт порталы хабарлайды.

БӨЛІСУ

Жалпы бұл маусым британдық жігіт үшін өте сәтті өтті. Ол алдымен «Тур де Франс» көпкүндігінде қарсылас шақ келтірмесе, Лондонда өткен олимпиадалық ойындарда веложарыстың жекелей сынында топ жарды.

Екінші орын Omega Pharma-QuickStep командасының бельгиялық шабандозы Томи Боненге бұйырыпты. Томи бұл маусымда "Париж-Рубэ" және "Тур Фландрии" додаларында топ жарған. Ал, үшінші сатыға ресейлік «Катюша» командасының испандық шабандозы Хоаким Родригес орналасқан. Ол 2012 жылғы әлем біріншілігінде жеңген.

Айта кетейік, Velo d'Or жүлдесі француздық Velo Magazine журналының ұйымдастыруымен тағайындалады. Бұл атақты бүгінге дейін ең көп жеңіп алған - Лэнс Армстронг. Американдық шабандоз бұл атаққа бес мәрте лайықты деп танылған. 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: sovsport.ru