Алматыда ерлер арасында волейболдан өтіп жатқан «Президент Кубогынде» еліміздің намысын қорғайтын қос командамыздың бірі жеңіп, бір жеңілді.
Олег Кузнецов баптайтын Қазақстан-2 командасы Бахрейн құрамасынан 1:3 (29:27, 22:25, 23:25, 21:25) есебімен жеңіліс тапса, негізгі құрамдағы Қазақстан командасы БАӘ волейболшыларынан 3:0 (25:19, 25:18, 25:12) есебімен басым түсті. Естеріңізге сала кететін болсақ, алғашқы кездесуін жерлестеріміз бір-біріне қарсы өткізіп, Қазақстан-2 командасы жеңіске жеткен болатын.
28 тамыз. Жарыс кестесі:
БАӘ – Қазақстан-2 11:00
Ресей – Иран 13:00
Катар – Түркия 15:00
Қазақстан – Бахрейн 17:00
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: prosportkz.kz