Қазақстандық гимнастшы Эльжана Таниева Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында екінші аллтын жеңіп алды.
БӨЛІСУ
Ол шығыршықпен жаттығуда 33,90 ұпай жинап, Азия чемпионы атанды. Бұл сайыста күмісті жапониялық Рейна Мацусака, қоланы қазақстандық Айбота Ертайқызы еншіледі.
Айта кетелік, бұған дейін Таниева осы турнирдегі көпсайыста алтын иеленіп, Олимпиада ойындарына жолдаманы жеңіп алған.