Дортмундық «Боруссияның» атқарушы директоры Ханс-Йоахим Ватцке шабуылшы Марко Ройс жазда клуб сапынан кеткен Марио Гетценің ізінен ермес деп сенім білдіреді.
"Маркоға "Боруссияда" жақсы, ал "Боруссия" өз сапында Марко секілді ойыншының барына қуанышты. Жас жігіт клубқа Гетцеден де артық ықпалды және мен ол қалады деп үміттенемін" - дейді Ватцке (Goal.com ұсынады).
"Ройс Дортмундта дүниеге келді, отбасы осында өмір сүреді және оның бүкіл өмірі бұл қаламен тығыз байланысты. «Боруссия» - өзіне ең қолайлы орын екенін білер деп сенемін" - дейді сөз аяғында.
Естеріңізге сала отырсақ, Ройс «Боруссияның» жасөспірімдер акедемиясына 1996 жылы келіп қосылған және менхенгладбахтық «Боруссиядан» 2012 жылы қайта оралыпты.
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Сурет: goal.com