Бокстан ұлттық құрама Азия чемпионатына қатысады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Бокстан ұлттық құрама Азия чемпионатына қатысады
Фото ©️ olympic.kz

11 қараша мен 12 желтоқсан аралығында Иорданияның Амман қаласында бокстан Азия біріншілігі өтеді, – деп хабарлайды ҚР ҰОК. 

БӨЛІСУ

Аталған турнирге Қазақстан құрамасы да қатысады. Бас бапкер Қайрат Сәтжановтың айтуынша, әзірге құрлық додасында бақ сынайтын боксшылардың есімі белгісіз. 

"Азия чемпионатына дейін жігіттерді қарастырамыз. Жақында Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді. Сол бәсекеде кейбір салмақтағы спортшыларды анықтаймыз. Одан бөлек, оқу-жаттығу жиындарын өткіземіз", - деді бас бапкер.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасынан соң бокстан Қазақстан командасында өзгерістер болып, бас бапкер қызметіне Қайрат Сәтжанов кірісті. Ол осы қызметте Мырзағали Айтжановты алмастырған болатын.