Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы қашан жасақталады?

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы қашан жасақталады?
Фото ©️ olympic.kz

Бокстан Қазақстан ұлттық командасының финалдық құрамасы желтоқсан айында өтетін ел чемпионатынан кейін жасақталады. Бұл туралы бас жаттықтырушы Қайрат Сәтжанов ҚР ҰОК сайтына берген сұхбатында айта кетті, - деп хабарлайды msports.kz.

БӨЛІСУ

Біздің құрама әдетте Қазақстан чемпионатынан кейін жасақталады. Желтоқсанда Астанада ішкі турнир өтеді.  Команда жасақтауды сол кезде қарастыра аламыз. Ел біріншілігіне барлық боксшы қатыса алады. Жастар командасының өкілдеріне де қатысуға рұқсат бердік. Одан жеті-сегіз адамды негізгі құрамға кіре алады деп ойлаймын. Сонымен бірге ел чемпионатынан Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін босатамыз. Азия біріншілігі 30 қарашада Иорданияда өтеді. Қалғанының бәрі Қазақстан чемпионатының қатысушысы болады, - деді құраманың бас жаттықтырушысы. 

Айта кетейік, жуырда ғана Шымкентте Қарақозы Әбдәлиевты еске алуға арналған ірі халықаралық турнир өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Азия чемпионатына баратындар тізімі жарияланатын болады.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000-ға дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!