Бокстан Қазақстан құрамасы Ресейді жеңді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Бокстан Қазақстан құрамасы Ресейді жеңді

Бүгін Алматы облысындағы бүкіләлемдік бокс академиясында Қазақстан және Ресей боксшылары жолдастық-спаррингтік кездесу өткізді. 10 салмақ дәрежесі бойынша өткен жекпе-жектердің қорытындысы бойынша отандастарымыз 6:4 есебімен жеңіске жетті.

БӨЛІСУ

Екі құрама сапынан да барлық негізгі құрам боксшылары жұдырықтасқан жоқ. Қазақстан құрамасы негізгі құрамынан Иван Дычко (+91) мен Қайрат Ералиев (56 келі) қана өнер көрсетті. Ресей де екінші, үшінші нөмірлі боксшыларын шығарған.

Енді осы жолдастық кездесудегі 10 жекпе-жектің нәтижелеріне көз жүгіртіңіздер.

49 келі: Ержан Жомарт – Батор Сагалуев – 2:1

52 келі: Азат Махметов – Карен Арутюнян – 0:3

56 келі: Қайрат Ералиев – Андраник Григорян – 2:1

60 келі: Дархан Жұмсақбаев – Вячеслав Шипунов – 1:2

64 келі: Алмасбек Әлібеков – Григорий Лизуненко – 2:1

69 келі: Сағадат Рахманқұлов – Якуб Нуриев – 1:2

75 келі: Айдос Ербосынұлы – Андрей Ковальчук – 3:0

81 келі: Нұрдәулет Жарманов – Евгений Шведенко – 3:0

91 келі: Арбек Әбдуғаниев – Садам Магомедов – TKO (R1)

+91 келі: Иван Дычко – Андрей Афонин – 3:0

Айта кетейік, қазақстандық боксшылар алдағы уақытта Әзірбайжан, Хорватия, Сербия, Польша және Финляндияда өтетін халықаралық турнирлерге қатысатын болады. Бұл жылы халықаралық турнирлерден бөлек, Рио-де-Жанейро Олимпиадасына жолдама тарататын ірі додалар да өтеді. Олардың қатарында Азия чемпионаты (Бангкок, Тайланд) мен әлем чемпионаты (Доха, Катар) бар. Азия чемпионаты 30 маусым мен 11 шілде аралығында болса, әлем чемпионаты 15-30 ақпан аралығында өтеді.

Сурет: kfb.kz

Оқи отырыңыз

Венгрияда бір боксшымыз ғана жеңімпаз тұғырынан көрінді

Мырзағали Айтжанов Венгрияда бақ сынайтын боксшылар есімін атады

«Арландар» «Нокаутшыларды» нокаутқа жіберді

Әділбек Ниязымбетов шаршы алаңға сәуірде оралады