Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай Шымкентте Кеңес Одағының Батыры Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнирде екінші жекпе-жегін өткізді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
БӨЛІСУ
92 келіден жоғары салмақта өнер көрсетіп жатқан боксшының ширек финалдағы қарсыласы түрік спортшысы Айдемир Угур болды.
Жекпе-жек екінші раундта Оралбайдың пайдасына техникалық нокаутпен аяқталды.
Бұған дейін 1/8 финалда қазақстандық боксшы украиналық Кирилл Стоянцевті техникалық нокаутпен жеңген еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз