Бокстан Қазақстан құрамасы Бибосыновқа қатысты шешім қабылдады

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Жансая Қадыржанова>
Бокстан Қазақстан құрамасы Бибосыновқа қатысты шешім қабылдады
Фото ©️ Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның бокс федерациясы Ресейдің Кисловодск қаласында өтетін оқу-жаттығу жиындарына баратын боксшылар тізімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Бұл жиынға баратын команда құрамына Таиландта өткен 2024 жылғы Азия чемпионатынан бері өнер көрсетпеген Сәкен Бибосынов та кіріп отыр. Бұл туранирде Сәкен 1/4 финалға дейін жетіп, жарақат алып қалды. Кейін боксшыға операция жасатуға тура келген еді. 

Ресейде өтетін жаттығу жиындарына баратын боксшылар тізімі:

  • 48 келі. Санжар Тәшкенбай, Теміртас Жүсіпов;
  • 51 келі. Бекзат Алдамжаров, Даниял Сәбит;
  • 54 келі. Тимур Қабдешов, Сәкен Бибосынов;
  • 57 келі. Оразбек Асылқұлов, Дәулет Молдашев;
  • 60 келі. Серік Теміржанов, Бейбарыс Жексен;
  • 63,5 келі. Ертуған Зейнуллинов, Жандос Қыдыралиев;
  • 67 келі. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы;
  • 71 келі. Абылайхан Жүсіпов, Фарух Тохтасынов;
  • 75 келі. Сабыржан Аққалыков, Тимур Нұрсейітов;
  • 80 келі. Ерасыл Жәкпеков, Нұрбек Оралбай;
  • 86 келі. Бекзат Нұрдәулетов, Темірлан Мұқатаев;
  • 92 келі. Сағындық Тоғамбай, Нурмагамед Юсупов;
  • +92 келі. Айбек Оралбай, Нұрлан Сапарбай.

Біріккен оқу жаттығу жиындары Ресей, Өзбекстан Беларусь құрамаларының бірінші және екінші нөмірлі боксшыларымен бірге өтеді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!