Бокстан Қарағандыда ұйымдастырылған ел чемпионаты аяқталды. Ерлер мен әйелдер арасындағы сында әр салмақ бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер белгілі болды, - деп хабарлайды msports.kz сайты.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Астана қаласының боксшылары көш бастады. Олар 5 алтын, 2 қола медаль еншіледі. Үздік үштікті Алматы мен Шымкент қаласынан келген боксшылар түйіндеді.
🏆 Жалпы жүлде кестесі (алғашқы ондық):
1️⃣ Астана қ. - 🥇5 алтын, 🥉2 қола
2️⃣ Алматы қ. - 🥇3 алтын, 🥈5 күміс, 🥉10 қола
3️⃣ Шымкент қ. - 🥇3 алтын,🥈5 күміс, 🥉2 қола
4️⃣ Қарағанды обл. - 🥇3 алтын, 🥈2 күміс, 🥉5 қола
5️⃣ Ақмола обл. -🥇3 алтын, 🥉3 қола
6️⃣ Түркістан обл. -🥇2 алтын, 🥈2 күміс, 🥉5 қола
7️⃣ БҚО - 🥇2 алтын, 🥉1 қола
8️⃣ Қостанай обл. - 🥇1 алтын,🥈1 күміс, 🥉2 қола
9️⃣ Абай обл. -🥇1 алтын, 🥉2 қола
🔟 Алматы обл. - 🥇1 алтын, 🥉2 қола
Қазақстан чемпионатында ең үздік боксшы номинациясын Төрехан Сабырхан (67 келі) мен Назым Қызайбай (48 келі) иеленді.
Төрехан Сабырхан 67 келіге дейінгі салмақта ересектер арасындағы алғашқы жарысына қатысып, чемпион болды. Сонымен қатар жарыс тарихында чемпион болған ең жас спортшылардың бірі.
Назым Қызайбай Париждегі Олимпиада ойындарынан кейінгі алғашқы жарысында жеңіс тұғырынан көрінді. Сондай-ақ ұзақ уақыттан 48 келіге дейінгі салмақта бақ сынады. Оған қоса Қазақстан чемпионатында 14-ші рет топ жарды.
Финалда екеуінің де қарсыласы денсаулығына байланысты жекпе-жекке шыққан жоқ.
2022 жылмен салыстырғанда, ерлер бәсекесінде тек Теміртас Жүсіпов пен Талғат Сырымбетов қана чемпиондық атағын сақтап қалды.
11 боксшы алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды (Тимур Қабдешов, Дәулет Молдашев, Төрехан Сабырхан, Сабыржан Аққалықов, Тимур Нұрсеитов, Темірлан Мұқатаев, Азамат Бектас, Данияр Рахымбердинов, Анита Адишева, Лаура Есенкелді, Жасмин Қизатова).
Жарыс жеңімпаздары:
✔️ Ерлер:
▪️48 келі Теміртас Жүсіпов
▪️51 келі Даниял Сәбит
▪️54 келі Тимур Қабдешов
▪️57 келі Дәулет Молдашев
▪️60 келі Талғат Сырымбетов
▪️63,5 келі Ертуған Зейнуллинов
▪️67 келі Төрехан Сабырхан
▪️71 келі Сабыржан Аққалықов
▪️75 келі Тимур Нұрсейтов
▪️80 келі Азамат Бектас
▪️86 келі Темірлан Мұқатаев
▪️92 келі Данияр Рахымбердиев
▪️92+ келі Нұрлан Сапарбай
✔️ Әйелдер:
▪️48 келі Назым Қызайбай
▪️50 келі Алуа Балқыбекова
▪️52 келі Анита Адишева
▪️54 келі Жайна Шекербекова
▪️57 келі Карина Ибрагимова
▪️60 келі Римма Волосенко
▪️63 келі Лаура Есенгелді
▪️66 келі Жасмин Қизатова
▪️70 келі Мадина Нұршаева
▪️75 келі Валентина Хальзова
▪️81 келі Надежда Рябец
▪️81+ келі Ләззат Күнгейбаева