Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай жаңа лауазымға сайланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының Түркістан облысындағы оқу-жаттығу жиыны аясында, бапкерлер мен боксшылардың қатысуымен жиналыс өтіп, жаңа құраманың капитанын сайлады.
"Спортшылардың басым көпшілігінің дауысымен Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны ретінде сайланды", - делінген хабарламада.
Қазір боксшылар Азия чемпионатына дайындалып жатыр. Құрлықтық біріншілік 30 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Иорданияда өтеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!