Бүгін Талдықорғанда ҚР Спартакиадасы шеңберінде өтіп жатқан ерлер арасындағы бокстан ел біріншілігі мәресіне жетті. Жалпыкомандалық есепте 4 алтын жүлде иеленген Алматы облысының боксшылары бірінші орын алды.
Алты күнге созылған жарысқа күрзі жұдырықты кіл мықтылар қатысты. Олардың қатарында ұлттық құрама мүшелері де бақ сынады. Маңызы жоғары жарысқа еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан боксшылар келді. Барлығы 149 былғары қолғап шебері бақ сынады. Қостанай мен Солтүстік Қазақстан командалары жартылай құрамда келсе, өзге облыстар толық құрамда өнер көрсетті.
ҚР Спартакиадасы аясында өткен ел чемпионатында Алматы облысының құрамасы төрт алтын медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Оңтүстік Қазақстан облысы екі алтын еншілесе, қалған төрт алтын Қарағанды, Атырау, Қызылорда облыстары мен Астана қалаларына бұйырды.
49 келі
1. Maрдан Берікбаев (Алматы облысы)
2. Жомарт Ержан (ОҚО)
3. Ермек Мәдиев (Жамбыл облысы)
3. Бағдат Толыбаев (Алматы)
52 келі
1. Азат Махметов (Астана)
2. Азамат Исақұлов (Маңғыстау облысы)
3. Мирас Жақұпов (ШҚО)
3. Әнуар Мұзафаров (Алматы)
56 келі
1. Дидар Өтелбаев (Алматы облысы)
2. Нұрбол Қалжанов (Маңғыстау облысы)
3. Нұрсұлтан Көшеғұлов (Ақмола облысы)
3. Мадияр Жанұзық (Астана)
60 келі
1. Ержан Мұсафиров (Қарағанды облысы)
2. Жақсылық Ілиясов (ШҚО)
3. Роман Щегринов (Алматы облысы)
3. Бекдәулет Ибрагимов (ОҚО)
64 келі
1. Алмасбек Әлібеков (ОҚО)
2. Сабыржан Бақбергенов (Ақмола облысы)
3. Айдар Әмірзақов (ШҚО)
3. Мақсат Жексенбі (Қарағанды облысы)
69 келі
1. Бекзат Халметов (ОҚО)
2. Азамат Досмағанбетов (Атырау облысы)
3. Ернар Ешенов (Алматы облысы)
3. Әділет Дамешов (Ақтөбе облысы)
75 келі
1. Жәнібек Әлімханұлы (Алматы облысы)
2. Ерік Әлжанов (Маңғыстау облысы)
3. Манат Өмірзақов (ШҚО)
3. Алмасбек Орынғалиев (БҚО)
81 келі
1. Арман Рысбек (Алматы облысы)
2. Шаймұрат Құсаинов (Павлодар облысы)
3. Нұрбол Алтаев (ОҚО)
3. Әліби Нұрматов (Алматы)
91 келі
1. Рахман Әлжанов (Атырау облысы)
2. Арбек Әбдуғаниев (Алматы облысы)
3. Алексей Севостьоянов (Қарағанды облысы)
3. Олжас Бұқаев (Павлодар облысы)
+91 келі
1. Қамшыбек Қоңқабаев (Қызылорда облысы)
2. Нұржан Бекзатов (ОҚО)
3. Нұрсұлтан Аманжолов (Жамбыл облысы)
3. Әли Балоев (Алматы облысы)