Бокстан Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында Гүлсая Ержан 81 келіге дейінгі салмақта топ жарды, - деп хабарлайды msports.kz сайты.
Отандасымыз финалда украиналық Карина Айрепитяннан айқын басым болып шықты. Есеп - 5:0.
Бұған дейін Виктория Графеева, Аида Әбікеева және Наталья Богданова топ жарып, алтын медаль еншілеген еді.
Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) кейінгі жарыстарда арнайы сыйақы беріп келеді. Азия чемпионатының да жүлде қоры 500 000 АҚШ доллары болып бекітілген.
Жүлдегерлерден бөлек, ширек финалға шыққан боксшылар да сыйақыдан құр қалмайды. Оларға 1 000 доллардан беріледі.
🥇– 8 000 АҚШ доллары
🥈– 4 000 АҚШ доллары
🥉– 2 000 АҚШ доллары
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000-ға дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!