Париж Олимпиадасында күміс жүлде алған боксшы Нұрбек Оралбай жарыс кезінде Геннадий Головкин қандай кеңес айтқаны туралы баяндап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Спортшы бұл туралы Нұрлан Қоянбаевқа берген сұхбатында айтты.
"Менің қателігім көп. Әлі де болса осы жолда еңбек ету керек. Білесіздер, соңғы жекпе-жекте үшінші раунд сәл-сәл жетпей қалды. Қарсыласым да осал емес, әлемнің чемпионы, ең үздік боксшы. Токиода күміс жүлде алған. Мынау екінші Олимпиадасы. Енді оған осы жолы алтын бұйырып тұр екен. Ол үшін де қуаныштымын", - деді спортшы.
Боксшы күміс медаль алып қалғанда оның спорттағы әріптесі Геннадий Головкин қолдап, мотивация беретін сөздер айтыпты.
"Мен жекпе-жекте ұтылғаннан кейін Гена ағамыз: "Нұрбек, бұл күмісті мен де алғанмын. 2004 жылы алтын алғанда мен қазіргідей болмайтын едім. Сондықтан мұнымен тоқтама", – деді. Ағамыздың сол сөзі үлкен мотивация болды. Сондықтан қазір көп демалмай, бірден дайындықты бастап кеткім келеді", – деді спортшы.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!