Бокс аңызы Мұхаммед Али қатерлі дертке ұшырап, өлім үстінде жатыр. Бұл туралы Daily Mail боксшының бауыры Рахман Алидің сөзіне сілтеме беріп хабарлады.
Рахманның сөзі бойынша, 71 жастағы чемпион сөйлей алмайды, тіпті ешкімді де танымай жатыр екен. Оның сөзіне сенсек, Мұхаммед Алидің өмірі таяу арада үзіледі.
Ұлы боксшының жары оған туған-туысқандарына келуге шектеу қойған және бұл жағдай туралы ештеңе айта алмайды. «Али мәңгілік, Оның аты ғасырларға қалып қояды» дейді Рахман. Рахманға чемпионның өзі мүрдетасына Мартин Лютер Кингтың «Мен киімсізге киім беріп, ашты тойдырғым келді» деген сөзін қашап жазуды қалайтынын айтыпты.
Жартылай ауыр салмақта 1960 жылдың Олимпиада чемпионы, кәсіпқой бокста үш дүркін чемпионның шын аты – Кассиус Марцеллус Клей. Ол 1942 жылы 17 қаңтарда Луисвеллде туған. Соңғы 27 жыл өмірінде ол Паркинсон дертімен өмір сүріп келеді.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: klitschko-brothers.com