Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Михал Билек 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Бельгия және Сан-Мариномен өтетін ойындарға шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.
Тізімге 24 футболшы енді:
Қақпашылар: Стас Покатилов ("Қайрат"), Дмитро Непогодов ("Ордабасы"), Игорь Щацкий ("Шахтер");
Қорғаушылар: Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко (барлығы - "Астана"), Ғафуржан Сүйімбаев, Ян Вороговский (екеуі де – "Қайрат"), Александр Марочкин ("Қайсар"), Темірлан Ерланов, Сергей Малый (екеуі де - "Ордабасы"), Олжас Керімжанов ("Жетісу");
Жартылай қорғаушылар: Юрий Перцух ("Астана"), Бауыржан Исламхан, Исламбек Куат, Георгий Жуков (барлығы - "Қайрат"), Асхат Тағыберген ("Қайсар"), Александр Меркель ("Хераклес", Голландия), Максим Федин, Азат Нұрғалиев (екеуі де - "Тобыл"), Бактиер Зайнутдинов ("Ростов", Ресей);
Шабуылшылар: Бауыржан Тұрысбек ("Тобыл"), Абат Айымбетов ("Ақтөбе"), Тоқтар Жаңғылышбай ("Ордабасы");
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 8 маусым күні сырт алаңда Бельгиямен ойнайды. Араға үш күн сала "Астана Аренада" Сан-Мариномен" кездеседі.
Бельгия FIFA рейтингінде көш бастап тұрған құрама. Ал Сан-Марино болса бұл рейтингті түйіндеп тұрған команда (211-орын). Қазақстан құрамасы болса бұл рейтингте 116-орында келеді.