Футболдан әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасында бақ сынап жатқан Шымкенттің «Биік-Қазығұрт» командасы 1/16 финалдағы ойынын сәтті бастады. Отандастарымыз Италияның «Верона» клубына қарсы өз алаңындағы бірінші ойында қарсыластарын 3:1 есебімен ұтты.
Шымкентте өткен ойында қазақстандық клуб жылдам есеп ашты. 3 минутта Черити Адуле «Биік-Қазығұртты» алға шығарса, 12 минутта Гульнара Габелия екінші голды соқты. Екінші тайм басында италиялық клуб сапынан Мелания Габбьядини нәтижені қысқартты. Дегенмен қазақстандық клуб ойынның аяқталуына 10 минут қалғанда үшінші голды соқты. Бұл жолы да команданың грузиялық легионері Гульнара Габелия белсеніп, дубль авторы атанды.
Қос команда арасындағы қарымта ойын 13 қазан күні өтеді.
«Биік-Қазығұрт» (Шымкент, Қазақстан) — «Верона» (Верона, Италия) 3:1 (2:0)
Голдар: Адуле 3 (1:0), Габелия 12 (2:0), Габбьядини 53 (2:1), Габелия 80 (3:1)
Ескертулер: Ихезуо 70 — Тальманн 2
«Биік-Қазығұрт»: Железняк, Мессомо (Бабшук 68), Габелия (Жолчиева 90+2), Роузборо, Нганди, Машкова, Эшер, Мясникова, Ихезуо, Адуле, Кравец
«Верона»: Тальманн, Долстра, Галли, Карро, Ди Кришо, Габбьядини, Пьемонте, Никеле, Брейненберг (Соффья 74), Роделла, Уильямс (Пазини 46)
Бас төреші: Эстер Урбан (Венгрия)
5 қазан. Шымкент. Биік.