«БИИК-Қазығұрттың» Германияда жолы болмады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
«БИИК-Қазығұрттың» Германияда жолы болмады

Футболдан әйелдер арасындағы ел чемпионы шымкенттік «БИИК-Қазығұрт» командасы Чемпиондар лигасының 1/16 финалында немістің «Франкфурт» командасымен өткен қарымта кездесуде жеңіліс тапты. 

БӨЛІСУ

Бірінші минуттардан бастап алаң иелері шабуылын үдете түсті. Бірақ, қазақстандық клуб қорғанысы сыр бере қойған жоқ. 40 минутта ғана барып «Франкфурт» ойыншысы Дженифер Марожан есеп ашуға мүмкіндік алды. Екінші таймда күшіне мінген неміс аяқдопшы арулары жерлестеріміздің қақпасына үш доп тоғытып кетті.

Естеріңізге сала кетсек, «Франкфурт» пен «БИИК-Қазығұрт» арасындағы бірінші кездесуде 2:2 есебі тіркелген болатын.

«Франкфурт» — «БИИК-Қазығұрт» 4:0 (1:0)
Голдар: Марожан 40 (1:0), Гарефрекес 73 (2:0), Шашич 75 (3:0), Шашич 90 (4:0)
Ескерту: Лаудер 62
«Франкфурт»: Пройсс, Хендрих (Шмидт 76), Кузник, Вероника Бокете, Марожан (Танака 79), Лаудер (Приссен 82), Андо, Гарефрекес, Фишлок, Шашич, Црногорчевич
«БИИК-Қазығұрт»: Железняк, Николич, Красюкова, Жолчиева (Иванова 89), Мясникова, Жанатаева (Ялова 81), Қырғызбаева, Миятович, Габелия, Литвиненко (Идиатуллина 76), Огбеньялу Адуле
Бас қазы: Весна Будимир (Хорватия)

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:ffc-frankfurt.de