Шахматтан Әзербайжан елінің астанасы Бакуде ұйымдастырылған халықаралық турнир аяқталды. Отандасымыз Бибісара Асаубаева өз категориясында жеңімпаз атанды.
БӨЛІСУ
Биыл ұйымдастырылған "Баку Опен - 2024" жарысының жалпы есебінде Бибісара 19-орыннан көрінді. Ал өз категориясы бойынша әйелдер арасында бірінші орын алды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, жарыстың жалпы жүлде қоры 50 мың АҚШ долларын (23 миллион теңге шамасы) құрайды. Бибісара біріншы орын үшін 1,5 мың доллар (720 мың теңге) еншілейді.