Жаздағы трансферлік маусымның алып-қашпа жаңалығына айналған Гарет Бэйлдың «Реал» сапына ауысуы ақыры шындыққа ұласты. Бүгін жартылай қорғаушы «Реалдың» медициналық тексеруінен өтіп жатыр.
«Корольдік клубпен» алты жылға келісім-шартқа отырған Бэйлдың медициналық тексеруден өтіп жатқаны туралы клубтың Twitter-дегі парақшасында жарияланды. 24 жастағы валийлік футболшының құны жайлы әртүрлі ақпараттар тарауда. Ал ең бастысы – футбол тарихындағы ең қымбат ойыншылардың қатарын толықтырғаны даусыз. Жартылай қорғаушының жылдық табысы 10 миллион еуроны құрап отырған көрінеді. Ал дәл қазіргі уақытта «Сантьяго Бернабеу» Гарет Бэйлды жанкүйерлермен таныстыру кешіне дайындалуда.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: footballtop.ru