Жақында ғана футбол тарихында ең қымбат футболшы атанған мадридтік "Реал" сапын толықтырған Гарет Бэйл команданың оқу-жаттығуы кезінде жарақат алды. Бұл туралы "корольдік клубтың" ресми сайты хабарлап отыр.
БӨЛІСУ
24 жасар валийлік жартылай қорғаушы жаттығу кезінде сол аяғын ауырсынған. Дәрігерлік тексеруден кейін футболшының сол аяқ бұлшық етінің аздап жарақаттанғаны мәлім болды. Осыдан кейін кеше өткен "Сантьяго Бернабеудегі" "Хетафеге" қарсы кездесуге шыға алмаған. Испандық БАҚ құралдарының хабарлауынша, Гарет Бэйл 25 қыркүйек күнгі "Эльчеге" қарсы кездесуге де қатыспайды. Жартылай қорғаушы тек 28 қыркүйекте болатын мадридтік дербиде (Атлетико М) алаңға шығуы мүмкін.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай