Жақында ғана мадридтік «Реал» сапын толықтырған валийлік жартылай қорғаушы Гарет Бэйл 22 қыркүйекке дейін жасыл алаңға шықпайтын болды. Бұл туралы Inside Spanish Football басылымы хабарлап отыр.
БӨЛІСУ
24 жастағы Гарет Бэйл «корольдік клуб» сапында Ла-Лиганың 5 турында «Саньтяго Бернабеуде» өтетін «Хетафеге» қарсы кездесуге шығады деп күтілуде. Жартылай қорғаушының 22 қыркүйекке дейін алаңға шықпауының себебі де бар. Ол – футболшының аяғынан алған жарақатынан кейінгі толық спорттық бабына келе алмауы болып отыр. Енді Карло Анчелотти шәкірті 15 қыркүйекте «Вильярреалға», 17 қыркүйекте Чемпиондар Лигасының топтық кезеңі аясындағы сырт алаңдағы «Галатасарайға» қарсы кездесулерде алаңға шықпайды.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай