Қазақ күресінен әлем және Азия чемпионы, "Қазақстан барысы" турнирінің үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев спорттағы мансабын аяқтады, - деп хабарлайды 24.kz арнасы.
БӨЛІСУ
Балуан қазақ күресінің дамуына күш салып, өзінің жолын қуатын шәкірт тәрбиелемек. Қазіргі таңда Бейбіт Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Жекпе-жек кәсіпқой спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы қызметінде.
- Мен осы салада қызметімді жалғастырамын. Әлемдік аренада ел абыройын асыратын жас балуандарды дайындайтын боламын. Нәтижесі көп күттірмейді деп ойлаймын, - дейді балуан.