18 желтоқсан күні Лас-Вегас (Невада, АҚШ) қаласында ауыр салмақтағы WBA чемпионы 32 жасар Бейбіт Шүменов пен 34 жасар поляк боксшысы Кшиштоф Влодарчик жекпе-жекке шығады.
Кшиштоф Влодарчик кәсіби рингте 53 кездесу өткізіп, 49 рет жеңіп (35 нокаутпен), 3 рет жеңіліс тапты. Ол соңғы кездесуінде 2014 жылдың тамыз айында Григорий Дроздтан жеңіліп, мансап жолын аяқтағанын жария етті.
Еске салайық, Бейбіт Шүменов Бернард Хопкинстен жеңіліп қалғаннан кейін бірінші ауыр салмаққа өтті. Бұл салмақта ол екі кездесу өткізіп үлгерді. Соңғы жекпе-жек шілде айының соңында Лас-Вегаста өтті. Қазақстандық бұл жолы америкалық Би Джей Флоресті жеңіп, WBA тұжырымы бойынша әлемнің уақытша чемпионы титулын жеңіп алды.
Дереккөз: tengrinews