Бес қазақстандық жүзуден Түркия ашық чемпионатында жүлдегер атанды

Manas Корреспондент
Manas >
Бес қазақстандық жүзуден Түркия ашық чемпионатында жүлдегер атанды
Фото ©️ Ұлттық олимпиадалық комитет

Жүзуден Түркияның ашық чемпионатында қатысқан Қазақстан құрамасының бес спортшысы жүлде жеңіп алды.  

БӨЛІСУ

Еркін әдіспен 100 метрге жүзуден Әділбек Мусин мен Даниела Дю екінші күміс, Даниил Черепанов қола жүлдегер атанды.

50 метрге брасс әдісімен жүзуден Аделаида Пчелинцева екінші келіп, күміс жүлдегер атанды. Ал Ксения Игнатова 50 метрге шалқалай жүзуден үшінші болып, қола жүлде иеленді.