Италиялық «Милан» футбол командасының иегері Сильво Берлускони клубты жуық арада сататынын мәлімдеді. Leggo газетінің хабарлауынша, сатып алушы Италияның ең бай адамы - Мишель Ферреро екен.
Берлусконидің бұл шешімін қызы Барбарадан басқа отбасы мүшелерінің барлығы дерлік мақұлдап отыр. Сатылым туралы құжаттардың барлығы жуық арада реттелетін болады. Феррероның «Миланды» қаншаға сатып алатындығы құпия сақталуда. Айта кетейік, 2011 жылы Мишель Феррероның табысы 18 миллиард долларға бағаланған.
«Миланның» алдағы уақыттағы басшысының негізгі табыс көзі – шоколод өндіру. Ол әлемге әйгілі "Киндер-Сюрприз" шоколод компаниясының басшысы болып табылады.
Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ
Сурет: vesti.kz