Берік Әбдірахманов ширек финалға шықты

Ла Лига Корреспондент
Ла Лига>
Берік Әбдірахманов ширек финалға шықты

Бүгін бокстан Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатының тоғызыншы күнінде шаршы алаңға Берік Әбдірахманов пен неміс елінің өкілі Роберт Харутюнян шықты.

БӨЛІСУ

60 келі салмақта күш сынасқан былғары қолғар шеберлері үш раунд барысында күштерін аяп қалмады. Алма-кезек ұрымтал тұстарды мүлт жібермеген қос спортшы әр бөлікті өз басымдылықтарымен аяқтауға тырысып жатты. Дегенмен, Беріктің мығым әрі дәл бағытталған соққыларын айтпай тұрмасқа болмайды. 

Қазылар алқасы жеңісті қазақ боксшысына берді. Алда Әділбек Ниязымбетов (81 келі) косоволық Армендо Хохайемен жұдырықтасса, 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Иван Дычко венгр Иштван Бернадтпен алғашқы кездесуін өткізеді. 

Кешкі кездесулерде Ілияс Сүлейменов (52 келі) қырғыз елінің үкілеген үміті Азат Үсенәлиевпен кездессе, Данияр Елеусінов (69 келі) Сүлеймен Сиссохомен (Франция) ширек финал жолдамасын сарапқа салады.

Естеріңізге сала кететін болсақ, кешегі күні Берік алғашқы кездесуін жеңіспен бастаған болатын. Ол пуэрто-рикалық былғары қолғап шебері Даниэлито де ла Росадан басым түсіп еді. 

Бокстан Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионаты 26 қазанға дейін жалғасады. 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: turan.info