Берік Әбдірахманов күзде АРВ чемпиондық атағын қорғайды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Берік Әбдірахманов күзде АРВ чемпиондық атағын қорғайды

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының (AIBA) AIBA Pro Boxing (APB) жобасының екінші маусымының күнтізбесі белгілі болды. Бірінші маусымда чемпиондық белбеуді жеңіп алған боксшылар өз атақтарын қыркүйек айында қорғайтын болады.

БӨЛІСУ

AIBA ресми сайты таратқан ақпарат бойынша, APB жобасының екінші маусымы 29-мамырда күні басталады. Жаңа маусымда да әр салмақта сегіз боксшы қатысады. Екінші маусымда боксшылар екі айналым бойынша өнер көрсетеді. Бұл жолы да еліміздің атынан төрт боксшы жұдырықтасатын болады. Олар: Біржан Жақыпов (49 келі), Антон Пинчук (91 келі), Ілияс Сүлейменов (52 келі). Үш боксшымыз үміткер ретінде қатысса, 60 келіде чемпиондық белбеу иегері Берік Әбдірахманов өз атағын қорғайды.

Бірінші айналымда бақтарын сынайтын сегіз боксшы екі іріктеу турында чемпиондық атаққа таласатын үміткерді анықтайды. Үшінші турда чемпион сол үміткерге қарсы чемпиондық атағын қорғайды. Егер бұл кездесуде чемпион жеңіліп қалатын болса, белбеу үміткерге беріледі. Айта кетейік, бірінші айналымда чемпиондық атаққа үміткер боксшы бірден Олимпиада ойындарының жолдамасына ие болады. Ал екінші айналымда жолдама берілмейді.

Бірінші айналым:

I тур: іріктеу кездесулері 29-30 мамыр, 5-6 маусым

II тур: іріктеу кездесулері 10-11 шілде, 17-18 шілде

III тур: чемпион атағын қорғайтын бокс кештері 11-12 қыркүйек, 18-19 қыркүйек

Екінші айналым:

I тур: іріктеу кездесулері 30-31 қазан, 6-7 қараша

II тур: іріктеу кездесулері 11-12 желтоқсан, 17-18 желтоқсан

III тур: чемпион атағын қорғайтын бокс кештері 22-23 қаңтар, 29-30 қаңтар

AIBA АРВ жобасына қатысушы боксшыларға әлем, Азия, Еуропа, Африка, Америка ойындарына, құрлықтық біріншіліктерге қатысуларына өз рұқсатын берді. Бірақ, бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) өнер көрсете алмайды. Бұл доданың өзінде 2016 жылғы Олимпиада ойындарына 17 жолдама сарапқа салынуда. 

Сурет:kfb.kz

Оқи отырыңыз:

Берік Әбдірахманов APB жобасында жеңімпаз атанды

«Astana Arlans» Губада «Baku Fires» командасын жеңді

Головкин келесі кездесуін Калифорнияда өткізеді