Белгісіз біреулер Балотеллидің үйін тонап, көлігін айдап кеткен

Ла Лига Корреспондент
Ла Лига>
Белгісіз біреулер Балотеллидің үйін тонап, көлігін айдап кеткен

Белгісіз біреулер Италия құрамасы мен италияндық "Милан" клубының шабуылшысы Марио Балотеллидің үйін тонаған, деп хабарлайды Football Italia.

БӨЛІСУ

Белгісіз біреулер футболшының үйінен қымбат бұйымдар мен алтындарды, бағалы сағаттарды алған. Және де ойыншының Porsche S үлгісіндегі көлігін айдай алғанмен, алысқа ұзамай, жақын маңдағы жол үстіне қалдырып кеткен. 

Бұл кеште Балотелли бауыры екеуі үйде болмаған, ұрлықтың орнын үйге келгенде ғана барып білген.

Естеріңізге сала өтсек, Марио Бразилиядағы Әлем Чемпионаты қарсаңында Италия ұлттық құрамасына шақырту алып отыр. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: football-italia.net