Белгілі қазақстандық спортшы Артем Резников ТЖМ құтқарушысы болды

Сымбат Сатыбалдина Корреспондент
Сымбат Сатыбалдина>
Белгілі қазақстандық спортшы Артем Резников ТЖМ құтқарушысы болды
Фото ©️ ТЖМ

ТЖМ құтқарушыларының қатарына белгілі қазақстандық спортшы Артем Резников косылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Артем Резников – ММА аралас жекпе-жегінің қазақстандық танымал спортшысы, АСА (Absolute Championship Akhmat) қамқорлығымен жеңіл санаттағы дивизионның белсендісі, жеңіл салмақтағы АСА гран-при атағының иегері.

ТЖМ басшылығы дәстүрлі түрде жеке құрамның дене шынықтыру дайындығына ерекше назар аударады. Әдістемелік және практикалық көмек көрсету, Алматы қаласы ТЖД гарнизонында спортты насихаттау, халықаралық спорт аренасында құтқарушылардың имиджін арттыру оның міндеттеріне кіретін болады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз