Бекзат Саттархановты еске алуға арналған бокс турнирі басталды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Бекзат Саттархановты еске алуға арналған бокс турнирі басталды

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында Сидней олимпиадасының чемпионы, марқұм Бекзат Саттархановты еске алуға арналған бокстан жастар арасындағы ХІІІ халықаралық турнир байрағын желбіретті.

БӨЛІСУ

Дәстүрлі додаға еліміздің барлық облыстарымен қоса Қытай, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Ресей секілді шет мемлекеттерден 200-ге жуық жас спортшы қатысуда. Былғары қолғап шеберлері 10 салмақ дәрежесінде жеңімпаздарды анықтайтын болады. Халықаралық бокс турнирі Бекзаттың туған күні, яғни, 4 сәуірде өз мәресіне жетеді. Шешуші жекпе-жектер де сол күнге жоспарланған. Жеңіс тұғырынан көрінген боксшылар спорт шебері дәрежесіне ие болады.

Айта кетейік, биыл Бекзат Саттарханов көзі тірі болғанда 35 жасқа толар еді. 

Cурет: kz.otyrar.kz