Бокстан Чианг Мэйде (Таиланд) өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының спортшылары Бекзат Нұрдәулетов пен Сағындық Тоғамбай алтын медаль иеленді, - деп хабарлайды msports.kz сайты.
Қазақ-өзбек текетіресіндегі соңғы жекпе-жекте Бекзат Нұрдәулетов Жасурбек Юлдашевті жеңіп шықты. 86 келіге дейінгі салмақтағы финалда отандасымыз 4:1 есебімен басым болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ал 92 келіге дейінгі салмақтағы финалда Сағындық Тоғамбай тәжік боксшысы Парвиз Каримовты үш рет нокдаунға түсірді. Нәтижесінде екінші раундта рингтегі төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, бұған дейін шаршы алаңға шыққандар арасында Махмұд Сабырхан ғана чемпиондық атаққа қол жеткізген еді.