Футболдан Англия ұлттық құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Дэвид Бекхэм ұлы Бруклинмен бірге жол апатына ұшырады. Бұл туралы ағылшындық басылымдар хабарлап отыр.
Оқыс оқиға Лондон қаласында орын алған. «Audi» автокөлігімен ұлын жаттығудан алып қайтқан Дэвид Бекхэм жол апатына ұшырады. Ал оқиғаның салдары әзірге белгісіз. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, екеуінің де денсаулығына зиян келмеген. Апатты көзімен көрген Бруклиннің командаласы Арчи Дэвис болса, Дэвид Бекхэмның иығын жарақаттап алғанын әлеуметтік желіде жариялады. Оқиға орнынан әкесі мен ұлы өзге көлікке мініп, үйлеріне қайтқан. Ал олар мінген көлік жарамсыз болып қалған көрінеді.
39 жастағы Дэвид Бекхэм қыркүйек айында да жол апатына ұшыраған болатын. Ол оқиғаны паппарициден жасырынбақ болған сәтте орын алғанын жеткізген-ді. Сонымен қатар, экс-футболшы мен ұлы бірге алғаш рет жол апатына ұшырап отырған жоқ. 2013 жылы да бір апаттан аман қалған еді.
Сурет:sports.ru