Мюнхендік «Бавария» жаңа маусым алдында клубтың су жаңа автобусын жанкүйерлеріне салтанатты түрде таныстырды. Ұзындығы 14 метрден тұратын көлікте 480 аттың күші бар екен. Арнайы асхана, мониторлар және сымсыз интернетпен жабдықталған. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр. Клуб футболшылары да жаңа темір тұлпарларын бұрынғы автобуспен салыстыруға мүлде келмейтінін айтуда.
БӨЛІСУ
Естеріңізге сала кетсек, неміс бундеслигасының бірінші тур ойындарының шымылдығы бүгін түріледі. Маусымашар ойында Хосеп Гвардиола шәкірттері өз алаңында «Вольфсбургты» қабылдайды.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: goal.net.ua