Футболдан Германия кубогының жартылай финалында мюнхендік «Бавария» дортмундтық «Боруссияға» пенальти сериясында есе жіберіп, жарысты аяқтады.
Мюнхенде өткен ойынның негізгі уақыты мен қосымша кезеңі де 1:1 есебімен аяқталды. Бірінші болып «Бавария» сапынан Роберт Левандовский есеп ашқанмен, 75 минутта Пьер-Эмерик Обамеянг таразы басын теңестіріп кетті. Одан кейінгі аралықта қос клуб ойыншыларында да гол соғуға мүмкіндіктер болған. Бірде қателессе, бірде қақпашыдан айлаларын асыра алмай састы. Нәтижесінде финал жолдамасының иегері пенальти сериясында анықталды.
Пенальти сериясында Хосеп Гвардиола шәкірттері қатарынан Филипп Лам, Хави Алонсо, Марио Гетце мен Мануэль Нойер мүлт кетті. Ал дортмундтық «Боруссия» сапынан Илькай Гюндоган мен Себастьян Кель өз мүмкіндіктерін сәтті пайдалана білді.
Германия кубогының жартылай финалына шыққан екінші клуб бүгін түнде анықталады. Жолдаманы «Вольфсбург» пен «Арминия» клубтары сарапқа салады.
Айта кетейік, осы маусым аяқталысымен дортмундтық «Боруссияның» бас бапкері Юрген Клопп қызметінен кетеді. Егер клуб Германия кубогын жеңіп алар болса, бапкерге үлкен сый болары сөзсіз.
Cурет: eurosport.ru