“Бавария“ Чемпиондар лигасында 9 гол соқты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
“Бавария“ Чемпиондар лигасында 9 гол соқты
Фото ©️ x.com/FCBayernEN

Футболдан жаңа жүйедегі Чемпиондар лигасы басталды. Жарыстың алғашқы күні ең ірі есеп айырмасы Мюнхенде тіркелді, - деп хабарлайды msports.kz тілшісі. 

БӨЛІСУ

"Бавария" өз алаңында Загребтің "Динамо" командасын 9:2 есебімен ұтты. Бұл Чемпиондар лигасы тарихында ең көп гол соғылған ойындардың бірі болды. 

Матчта Харри Кейн 4 гол соғып, покер жасады. Нәтижесінде, Чемпиондар лигасында ең көп гол соққан ағылшындық футболшы атанды. Сондай-ақ мюнхендік команда сапынан Рафаэл Геррейру, Майкл Олисе, Лерой Сане және Леон Горецка бір-бір голдан еншісіне жазды. Хорват командасы қатарынан Бруно Петкович пен Такуя Огивара гол соқты. 

Екінші айналымда "Бавария" сырт алаңда "Астон Вилламен" ойнаса, "Динамо Загреб" өз алаңында "Монакомен" кездеседі. 

Түнде өткен ойындар нәтижесі:

"Реал" - "Штутгарт" - 3:1
Гол соққандар: Килиан Мбаппе, 46, Антонио Рюдигер, 83, Эндрик, 90+5 - Дениз Ундав, 68

"Милан" - "Ливерпуль" - 1:3
Гол соққандар: Кристиан Пулишич, 3 - Ибраима Конате, 23, Вирджил ван Дейк, 41, Доминик Собослаи, 67

"Спортинг" - "Лилль" - 2:0
Гол соққандар: Виктор Дьекереш, 38, Зено Дебаст, 65
Алаңнан қуылды - Анхель Гомес ("Лилль"), 40

"Ювентус" - ПСВ - 3:1 
Гол соққандар: Кенан Йылдыз, 21, Уэстон Маккенни, 27, Николас Гонсалес, 52 - Исмаэль Сайбари, 90+3

"Янг Бойз" - "Астон Вилла" - 0:3
Гол соққандар: Юри Тилеманс, 27, Джейкоб Рэмси, 38, Амаду Онана, 86