Мюнхендік "Бавария" өз алаңында "Барселонаны" жеңді. Кезінде каталондық команданы жаттықтырған Хосеп Гвардиола керемет ойын жүйесін пайдалана білді.
"Альянц-Арена" стадионында аяқталған жолдастық кездесуде неміс ұжымы жауапсыз екі допты қарсылас қақпасында тулатты. Алғашқы голды ойынның 14 минутында команда капитаны Филипп Лам соқса, кездесу аяқталар тұста Марио Манджукич екінші голдың авторы атанды. Немістер сапынан он бірдей футболшы алмасса, Жорди Роура бастап барған испандық команда сапынан 11 ойыншы алмасты.
Естеріңізде болса, соңғы рет Еуропаның алпауыт ұжымдары Чемпиондар лигасының жартылай финалында кездескен болатын. Қос кездесу қорытындысы бойынша "Бавария" 7:0 есебімен испандық ұжымды сан соқтырған-ды.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
сурет: vk.com