Соңғы жылдары Қазақстанның ең дарынды футболшысы саналып жүрген Бауыржан Исламхан мансабын Біріккен Араб Әмірлігінде жалғастыруы мүмкін.
Бауыржан Исламхан соңғы 5 жылын "Қайратқа" өткізген соң, Ресейде бағын сынап көрмек болды. Ресейдің "Зенит" командасының сапында қаралымнан өтті. Катардағы алғашқы оқу-жаттығу жиынында Бауыржан Исламхан екі жолдастық матчқа қатысып, екі нәтижелі паспен көзге түскен.
Алайда күні кеше белгілі болғандай, Бауыржан Исламхан "Зениттің" Испаниядағы екінші оқу-жаттығуына шақырту алған футболшылардың тізіміне енген жоқ. Vesti.kz сайтының мәліметінше, Қазақстан құрамасының капитаны Біріккен Араб Әмірлігінің "Аль-Айн" командасына ауысады. Бауыржан Исламхан жақын күндері медициналық тексерістен өтіп, 5 айға келісімшартқа отырады.
"Аль-Айн" – Біріккен Араб Әмірлігінің 13 дүркін чемпионы. 2018 жылы клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалына шығып, "Реалға" есе жіберген.