Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан жаңа командасы "Әл-Айн" сапындағы алғашқы матчын өткізді.
Біріккен Араб Әмірлігі чемпионаты аясында "Әл-Васлға" (5:0) қарсы матчта 71-минутта алаңға шығып, 94-ші минутта нәтижелі паспен көзге түсті.
- Өзімді үйдегідей сезініп жүрмін. Мені шақырған клуб басшылығына, жаттықтырушылар штабына алғысымды айтамын. Команданы жеңіспен құттықтаймын.
"Зенитте" өткізген оқу-жаттығу жиынында клубтан хабарласып, аз уақытта шешім қабылдадым. Команда өте жақсы, бірнеше мәрте чемпион болған. Бағымды Азия Чемпиондар лигасында сынап көргім келеді, - дейді Исламхан.
Айта кетейік, Бауыржан Исламхан "Әл-Айн" командасына ресми 31-қаңтар күні ауысты. Ол жаңа командада 8-ші нөмірмен өнер көрсетеді.