Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан мансабын Біріккен Араб Әмірлігінде жалғастырады. Ол "Әл-Айн" футбол клубымен 5 айлық келісімшартқа қол қойды.
Бауыржан Исламхан соңғы 5 жылын "Қайратқа" өткізген соң, Ресейде бағын сынап көрмек болды. Ресейдің "Зенит" командасының сапында қаралымнан өтті. Катардағы алғашқы оқу-жаттығу жиынында Бауыржан Исламхан екі жолдастық матчқа қатысып, екі нәтижелі паспен көзге түскен.
Алайда күні кеше Бауыржан Исламхан Біріккен Араб Әмірлігінің "Әл-Айн" командасына ауысатын туралы ақпарат шықты. Бүгін "Әл-Айн" әлеуметтік желісіндегі қазақстандық футболшы ресми таныстырды. Исламхан жаңа командасында 8-ші нөмірлі жейдемен өнер көрсетеді. Ал келісімшарт мерзімі 5 айға жоспарланған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Әл-Айн" – Біріккен Араб Әмірлігінің 13 дүркін чемпионы. 2018 жылы клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалына шығып, "Реалға" есе жіберген.