Жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Ол мексикалық Иван Перейраны бесінші раундта нокаутқа жіберді.
БӨЛІСУ
Канада елінде өткен кездесу бес раундтқа созылды. Жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған болатын. Бұл Батырдың кәсіпқой бокста алтыншы жекпе-жегі әрі алтыншы нокауты.
Монреальдегі бұл кештің басты жекпе-жегі әлемнің экс-чемпионы Давид Лемье мен аргентиналық Кристиан Риос арасында өтті. Көпшілік күткен кездесу төрешілердің шешімімен Лемьенің жеңісімен аяқталды.
Еске салсақ, Батыр Жүкембев соңғы жекпе-жегін Селесио Сантосқа қарсы өткізіп, 2 раундта жеңіске жеткен болатын.