Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын елордалық «Барыс» Загребте «Медвешчактан» ойсырай жеңіліп, ұпайсыз қайтты. Жақында ғана команда тізгінін қайта қолға алған Андрей Назаров екінші ойынын да сәтсіз аяқтады.
Загребтегі ойында «Барыс» қақпаларына жылдам шайба өткізіп алды. Небәрі ойынның басталғанына 11 секунд өтпей «Медвешчак» алға шықты. Есепті Андреас Ямтин ашты. Екінші кезеңде Майк Глумак есепті еселесе, үшінші кезеңде Томаш Мертл қазақстандық клубтың қақпасына үшінші шайбаны тоғытты. Үш шайба да командалар тең құрамда ойнағанда соғылды.
Айта кетейік, «Барыс» соңғы ойынында Братиславада «Слованнан» ұтылған болатын. Елордалық клуб келесі ойынын 26 қазан күні Астанада мәскеулік «Спартакқа» қарсы өткізеді.