Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында елордалық «Барыс» Владивостокта «Адмиралдан» басым түсті. Тартысқа толы өткен ойында Эдуард Занковец жаттықтыратын қазақстандық клуб қарсыластарын 4:1 есебімен ұтты.
Ойынның бірінші және екінші кезеңінде «Барыс» мұз айдын иелерінің қақпасына бір-бір шайбадан соқты. 7 минутта Константин Пушкарев мергендік танытса, 30 минутта Роман Старченко есептегі басымдықты еселеді.
Үшінші кезеңді «Адмирал» командасы ширақ бастады. 40 минутта Вадим Краснословодцев шайба авторы атанып, мұз айдын иелеріне үміт сыйлады. Дегенмен қарымта шабуылда «Барыс» ойыншыларының бабы байқалды. 55 және 56 минуттарда елордалық команда тең құрамда жүріп, «Адмирал» ойыншыларынан айласын асырды. Дастин Бойд дубль орындап, көзге түсті.
«Барыс» 41 ойыннан кейін 59 ұпай жинап, Шығыс конференцияда 7-орынға көтерілді. Келесі ойынын 23 желтоқсан күні Астанада Челябинскінің «Трактор» клубына қарсы өткізеді.
«Адмирал» — «Барыс» 1:4 (0:1, 0:1, 1:2)
Шайбалар:
0:1 — 07:39 Пушкарёв (Баркер, Шалапов). Ойыншы басымдығында
0:2 — 30:27 Старченко (Баркер, Сен-Пьер). Тең құрамда
1:2 — 40:32 Краснослободцев (Саболич, Григорьев). Ойыншы басымдығында
1:3 — 55:01 Бойд (Боченски, Семёнов). Тең құрамда
1:4 — 56:31 Бойд (Иванов, Тривино). Тең құрамда
«Адмирал»: Бобков — Земчёнов-Бартулис, Ткачёв-Саболич-Саюстов; Григорьев-Волченков, Райт-Лугин-Краснослободцев; Конев-Гавриленко, Мкаренко-Казаков; Курашов, Сигарёв-Воронин-Иванов, Яковлев;
«Барыс»: Пулен — Даллмэн-Семёнов, Боченски-Доус-Бойд; Липин-Савченко, Кучин-Худяков-Иванов; Баркер-Шалапов, Сен-Пьер-Старченко-Панюков; Трясунов, Бельгибаев-Гренц-Тривино, Пушкарёв.
Айып уақыты: 14:14 (8:4, 6:6, 0:4)
Бас төреші: Артур Кулёв, Мартин Франё
Қапталдағы төрешілер: Пётр Алёшин, Юрий Иванов
21 желтоқсан. Владивосток. КСК «Фетисов Арена» 4 795 жанкүйер.