Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын Астананың «Барысы» қатарынан төртінші рет жеңіліс тапты. Елордада өткен кездесуде Ерлан Сағымбаев жаттықтыратын ұжым Омскінің «Авангардына» есе жіберді.
БӨЛІСУ
«Барыс» клубы қарсыластарына 4:1 есебімен ұтылды. Бірінші қонақтар сапынан Александр Черников есеп ашты. Қазақстандық клуб екінші кезеңде таразы басын теңестіргенмен, Сергей Широков пен Александр Пережогиннің соққан шайбалары «Авангардты» қайта алға шығарды. 54 минутта Юрий Петров қонақтардың есептегі басымдығын 4:1-ге жеткізді.
Константин Пушкарев пен Михал Кемпни қақтығысы
«Барыс» пен «Авангард» арасындағы келесі ойын 25 қыркүйек күні өтеді.