Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын Астананың «Барысы» сырт алаңда «Ладаны» жеңіп, жеңісті сериясын 5 ойынға дейін ұзартты.
БӨЛІСУ
Тольяттиде өткен ойында жылдам есеп ашылды. Кездесудің 30 секундында Найджел Доус «Барысты» алға шығарды. Алайда бірінші кезең аяқталар тұста «Лада» сапынан Дмитрий Воробьев таразы басын теңңестірді.
Екінші таймды да «Барыс» ойыншылары жылдам есепте алға озумен бастады. Бұл жолы да Найджел Доус шайба авторы атанды. Үшінші кезеңде Брэндон Боченский бір шайба соқса, Найджел Доус үшінші рет мергендігімен көзге түсті.