Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын «Барыс» Новокузнецкіде «Металлургты» ұтты. Ойында қазақстандық клуб мұз айдын иелерінен 4:2 есебімен басым түсті.
«Металлург» есепте жылдам алға шықты. 2 минутта Кирилл Лебедев «Барыс» қақпасына шайба соқты. Нәтижесінде мұз айдын иелері екінші кезеңнің соңына дейін есепте алда болды. 37 минутта қазақстандық клубтың канадалық легионері Кори Тривино есепті теңестірді.
Ойынның үшінші кезеңі аса тартысты өтті. Жақында ғана жарақатынан айығып, қатарға қосылған Роман Старченко 44 минутта «Барысты» алға шығарды. Елордалық клуб ойыншы басымдығын ұтымды пайдалана білді. Араға 3 минута сала Брэндон Боченский есепті еселеді. 50 минутта Роман Старченко ойыншы басымдығын кезекті рет сәтті пайдаланып, дубль орындады. Ойынның аяқталуына 10 секунд қалғанда «Металлург» шабуылшысы Константин Пархоменко бір шайба соғып, аз да болса есепті қысқартты.
«Металлург» Новокузнецк — «Барыс» 2:4 (1:0, 0:1, 1:3)
Шайбалар:
1:0 — 01:45 Лебедев (Караваев). Тең құрамда
1:1 — 36:16 Тривино. Тең құрамда
1:2 — 43:48 Старченко (Савченко). Ойыншы басымдығында
1:3 — 46:53 Боченски (Доус). Тең құрамда
1:4 — 49:14 Старченко (Михайлис, Шиннимин). Ойыншы басымдығында
2:4 — 59:48 Пархоменко (Лебедев). Тең құрамда
«Металлург» Новокузнецк: Хакимов — Фаткуллин-Скутар, Семенов-Вихарев-Скороходов; Калашников-Лямкин, Комаристый-Земченко-Соловьев; Давыдов-Куклев, Караваев-Пархоменко-Лебедев; Михайлов-Васильченко, Разумов-Михеев-Ионин;
«Барыс»: Пулен — Семенов-Даллмэн, Доус-Бойд-Боченски; Савченко-Шалапов, Старченко-Сен-Пьер-Михайлис; Липин-Трясунов, Шиннимин-Тривино-Пушкарев; Ибрайбеков, Иванов-Кучин-Панюков, Гурков.
Айып уақыты: 8:2 (2:2, 2:0, 4:0)
Бас төрешілер: Сергей Беляев, Юрий Оскирко
Қапталдағы төрешілер: Максим Берсенёв, Евгений Юдин.
«Барыс» 76 ұпаймен Шығыс конференцияда 6-орында келеді. Келесі ойынын 24 қаңтар күні Хельсенкиде «Йокеритке» қарсы өткізеді. Астана уақытымен кешкі сағат 22:30-да басталатын кездесуді «KazSport» арнасы тікелей эфирде көрсететін болады.