Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын "Барыс" осы маусымда алғаш рет екі ойын қатарынан жеңіске жетті, - деп хабарлайды msports.kz сайты.
БӨЛІСУ
Елордалық команда құрамдағы реформадан кейін ұпай ала бастады. Өткен турда Минскіде "Динамодан" басым болса, бүгін Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері сырт алаңда "Сібір" клубын 3:1 есебімен ұтты.
"Барыс" сапында Әділ Бекетаев, Антон Бурдасов және Иван Николишин шайба соқты.
Елордалықтар келесі матчын 29 қазан күні "Куньлуньге" қарсы өткізеді.